Қарағанды қаласына 86 көп балалы отбасына пәтер кілті табысталды

828

Қарағанды қаласының 86 көп балалы отбасы жеке баспанаға ие болды. Бүгін қала әкімдігінде, жаңа пәтерлердің кілттері мен құжаттарын қала әкімі Нұрлан Әубәкіров табыс етті. Бұл туралы Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов тапсырмалары аясында — көпбалалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, нақты шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта біздің қаламызда бір жарым мыңнан астам көпбалалы отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алады, шамамен бес жүз отбасы жеңілдетілген жолақысымен қамтамасыз етілді, мектепке дейінгі мекемелерде балаларға 50% жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, көпбалалы отбасылардың балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында үйірмелер мен спорттық секциялармен тегін шұғылдана алады. Сондай-ақ, олардың көбі «Салют» жазғы демалысты лагеріне қамтылатын болады – деді қала басшысы.

Кезекте тұрған көпбалалы отбасылар өз пәтерлерін Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Байкен Әшімов атындағы жаңа шағын ауданнан алды. Көп ұзамай бұл аймақ қаланың жаңа әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы болады. Бұл жерде бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысын, саябақтар, концерттік залды, спорт кешенін және т.б. салу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, 1 мамыр күні 10 көп балалы отбасы өз пәтерлерінің кілтін алған болатын.

Жалпы алғанда, қалада 2019 жылы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 494 отбасы тұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *