Еуропа Күні 2019: қазақстандықтарға заманауи балеттің үздік қойылымдары ұсынылды

360

31 мамырда Астана Балет театры шаңырағында Еуропа күніне орай «United in Diversity –Бірлік саналуандылықта» атты мерекелік бағдарламасы ұсынылды. Іс-шара Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен ұйымдастырылған. Еуропа күні 2019 Еуропалық Кеңес Төрағасы Дональд Тусктың Қазақстанға тұңғыш ресми сапары және Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын жариялау шеңберінде өткізілуде. Бұл туралы ҚР Еуропалық Одақ Өкілдігінің Баспасөз  қызметі хабарлайды.

Жыл сайынғы концерттер мақсаты – Еуропаның мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыру, және Еуропаның классикалық музыкасы мен балет өнерінің үздік үлгілеріне көңіл аударту.

Астана Балет театры труппасының орындауында театр репертуарының үздік қойылымдары көрсетіледі: «A Fuego Lento» (Рикардо Амаранте), «Махабаттың ғайып болған дарабоздары» (Николо Фонте), «Ұлы Дала мұрасы» (Айгүл Тәти).

Мерекелік кешті Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон құттықтау сөзімен ашты: «Дүниетанымның ұқсастығы шекарамыздан тыс аймақтарда ынтымақтастықты дамытуға шабыт береді. Еуропалық Одақтың әріптестері мен достарымен тығыз қарым-қатынасты дамытуға ниеті зор. Төраға Тусктың бүгінгі сапары ЕО-тың Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттеріне назарының артып келе жатқандығының дәлелі. Қазақстан – Еуропалық Одақтың ең маңызды серіктесі, және біздің қарым-қатынасымыз бұрын-соңды болмағандай берік. «

Концерт қонақтары арасында – ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус,бизнес қоғамдастығы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары.

2019 жылғы Еуропа күнінің бағдарламасы өте жан-жақты, іс-шаралар тізіміне жастармен кездесулер, португалдық фаду дәстүрлі концерт пен фортепиано концерттері енді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *