Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Неміс мәдениеті күні мен Балаларды қорғау күні өтті

326

1 маусым күні елорданың Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына арналған Неміс мәдениеті күні өтті. Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мерекелік іс-шара барысында Достық үйі алаңында Неміс мәдениеті күнінің ашылу салтанаты, неміс бірлестігі жұмысының таныстырылымы, неміс мәдениетіне арналған көрме, қолданбалы өнер мен аспаздық шеберлік бойынша мастер-класстар, шығармашылық топтардың концерті мен музыкалық флешмобтар ұйымдастырылды.

Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келген Неміс мәдениеті күні өтетін мерекелік іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы балаларға арналған белсенді алаң: асфальттағы суреттер шеруі мен аттракциондық қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырып, тәтті бәліштер, сусындар, кәмпиттер мен балмұздақ таратты.

Мерекелік іс-шара қайырымдылық акцияларымен жалғасты. Жақында ашылған елорда Ассамблеясының «Парасат» қайырымдылықты үйлестіру орталығы көпбалалы аналарға сыйлықтарын ұсынып, Нұр-Сұлтан қаласының ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Л.Құсайынова асыл да батыр аналарымызға құттықтау тілектерін жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы мен елордамыздың этномәдени бірлестіктерінің ұйымдастыруымен өткен қызықты да мәнді мерекелік кештің қатысушылары мен кішкентай қонақтары таратылған тәттілер, ұсынылған сыйлықтар мен ұйымдастырылған мерекелік іс-шара үшін жылы лебіздерін білдірді.

Балапандар мерекесі күні, түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан елорданың Достық үйінде бүлдіршіндердің қуана күлген дауыстары естіліп, шаңырақ шаттыққа толды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *