Қастеев мұражайында балаларға апта бойы тегін анимациялық фильмдер көрсетіледі

1713

Қастеев мұражайында балалар үшін анимациялық фильмдер бір апта бойы тегін көрсетіледі, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фестиваль барысында мұражай залдарына балаларға кіру тегін және 15:00-ден бастап жоғарыда аталған фильмдермен мультфильмдерді балалар тегін көре алады. Көрсетілімдер Қастеев мұражайының дәрісханасы (1-қабатта) өтеді, 24-маусымнан бөлек (дүйсенбі — мұражайда демалыс күн), — делінген хабарламада.

«Сиқырлы шам» мұражай-отбасылық өнер фестивалі аясында 2019 жылдың 18-28 маусым аралығында «Қазақ елі», «Күлтегін» және «Мұзбалақ» анимациялық фильмдері, сондай-ақ «Алаш туы астында» деректі фильмі Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында көрсетілетін болады. Барлық фильмдер «Қазақфильм» АҚ-да Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *