Арыстағы жарылыстан 11 адам зардап шекті

168

Арыс қаласындағы жарылыстан 11 адам зардап шегіп, Шымкенттегі ауруханаға түсті.

«Қалалық клиникалық ауруханаға 11 адам түскен.  Оның 6-уы  түрлі дене жарақатын алған,  қалғандарын дәрігерлер  тексеріп жатыр. Олардың арасында аналар мен балалар бар. Басқа мәліметтер қосымша хабарланатын болады», — дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Мамырова. Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына байланысты жағдайды түсіндірді. Бүгін  Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында сағат 9.20-да  жарылыс болды.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *