Арыста дүкен мен үйді тонағандар ұсталды

218

Арыс қаласындағы төтенше жағдайды пайдаланып, бір үй мен дүкенді тонаған үш адам ұсталды.

«Оқиға орнында облыстық жедел штаб құрылды. Жедел желі іске қосылып, оған осы уақытқа дейін 11 мыңға жуық қоңырау келіп түсті. Қазіргі уақытта ұрлық-қарлықтың алдын алу үшін полицияның 75 наряды оқиға орнында жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, екі қылмысты жасаған үш адам ұсталды. Атап айтқанда, бір дүкен мен бір үй тоналған», — деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында. Министрдің айтуына қарағанда, Арыс қаласына кірген және шыққан көліктердің барлығы тексеріліп жатыр. «Төтенше жағдайдың салдарынан екі адам көз жұмды. Бірі Арыс қаласының әскери бөлімінің әскери қызметшісі, екіншісі Арыс қаласының тұрғыны. Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. 34 адам ауруханаға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған 12 адамға медициналық көмек көрсетілді», — деді ол.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *