Асқар Мамин: Арыстағы үйлер қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі

754

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыстағы жарылыс салдарынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, комиссия Арыс қаласындағы тұрғын үйлерге, әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарға залалды анықтайды. Тиісті шешімдер қабылданып, қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі. Үкімет тарапынан қажетті шаралар атқарылатын болады. Бүкіл ел қиындықты еңсеруге атсалысуда. Осы ретте «Nur Otan» партиясы Арыс қаласына көмек көрсету мақсатында қаражат жинау бастамасын қолға алды», — деді Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында.

Дереккөз: inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *