XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі жалғасуда

1678

XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің үшінші күні байқаудың бірінші күнгі қатысушыларын жинаған баспасөз маслихаты болып өтті. Оған Оңтүстік Кореялық режиссер Хан Джон Гиль («Шторм»), Қытайдан келген режиссер Мария Хабул («Жарқын күндер») және француздық «Алиса» фильмінің актерлері Мартен Свабей мен Эмили Пипоннье қатысты.

Конференция барысында қатысушылар өздерінің шығармашылыққа деген көзқарасы туралы айтып, түсірілім кезіндегі егжей-тегжей оқиғалармен бөлісіп, өздерінің кәсіби таңдауы және де басқа да көптеген мәселелер туралы әңгімеледі.

Режиссер Мария Хабул ұйымдастырушыларға қонақжайлығы үшін алғыс айтып, бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары екенін атап өтті:

– Мен қазақ қызымын, қазақ тілінде сөйлеймін, бірақ Қытайда тұрып, жұмыс істеймін. «Еуразия» фестивалі туралы осы елде тұратын достарымнан естідім және оған қатысуға бел будым, — деді Мария.

Оның туындысы не жайлы және ата-анасы оны түсіру идеясына қалай қарады деген сұраққа Мария фильмде оның өмірлік тәжірибесі мен ағасы екеуі арасындағы қарым-қатынас көрсетілгенін, ал жанұясы картина жасау барысында барынша қолдау көрсеткенін атап өтті.

Француз актерлері Мартен Свабей мен Эмили Пипоннье де біздің елімізге алғаш рет келгендері туралы сыр шертті. «Алиса» фильмінде қарым-қатынас тақырыбы қозғалған, онда әйел отбасын құтқару үшін мінездің күшін көрсетеді.

— Кеше фильмнің көрсетілімінде мен адамдардың реакциясын көрдім. Олардың түсіне қарап, фильмнің негізгі мазмұнын аулағанын түсіндім – кейде сүйіктің үшін құрбандыққа бару керек, — деді Эмили.

Өзі сомдаған кейіпкер туралы сұраққа Мартен Сабвей режиссер Жозефин Маккер онымен байланысқа шыққаннан кейін сценарийді оқып, рөлге дайындықты бірден бастағанын, ең алдымен тұлғаның сыртқы пішінін өзгерту арқылы көрсетуге тырысқанын — қаншалықты нәзік және жарақаттанған кейіпкер екенін көрсету үшін тіпті салмақ түсіруге тура келгенін айтты.

Оңтүстіккореялық Хан Джон Гиль қазақстандық көрермендердің оның фильміне деген құлшынысынан туындаған өзінің ойымен тілшілерімен бөлісті. «Бұл күрделі фильм, бірақ оған қарамастан адамдар келді және соңына дейін қалды және тіпті өз сұрақтарын қойды», — деді таңқалған жас режиссер.

Фестивальдің көрсетілімдері елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ажиотаж туғызды. Кассадағы билеттер дереу кетіп жатыр. Ал залдар лық толы, көрермендер тіпті табалдырықтарда отыруда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *