МАҚТААРАЛДА 39 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ БАС ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

75

Мақтаарал ауданында 2 кент пен 67 елді мекен орналасқан. Ауданды құрылыстың ордасына айналдырып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін әрбір елді мекенге бас жоспар керек екені белгілі. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2018 жылғы дейін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 2 кент және 28 елді мекен оңайлатылған бас жоспармен қамтылған болатын. Ал, биыл қалған елді мекендердің барлығын бас жоспармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, барлығы 39 елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүруде.

Мырзакент кентінің аумағын ұлғайтуға арналған 160 гектар жер теліміне және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенннің аумағындағы «Атамекен» кеден бекеті маңындағы 45 гектар жер телімдеріне де егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасалынып жатыр.

Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Мырзакент кенті Қожанов көшесі бойын көгалдандыру, абаттандыру және жарықтандыру бойынша эскиздік жобасын дайындаған. Сонымен қатар, Мырзакент кентіндегі орталық аллея, аудандық мәдениет үйі, орталық саябақ, «Жеңіс» алаңына және Жаңа жол а/о, Ақжол елді мекені Қазыбек би көшелерін абаттандыру, жарықтандару үшін эскиздік жобалар әзірленіп, аудан әкімдігіне ұсынған болатын.

Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *