Алматы облысының әкімдігі дала өртінен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

597

Алматы облысы Панфилов ауданында болған дала өрті кезінде 7 адам зардап шегіп, 3 адам мерт болған еді. Бүгін Алматы облысының әкімдігі зардап шеккендердің денсаулық жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Кеше Панфилов аудандық орталық ауруханаға 7 адам жеткізілген. Оның 5-еуі амбулаториялық ем алу үшін үйіне қайтарылды, екеуі ауруханада. Біреуі – жансақтау бөлімінде, екіншісі – хирургиялық бөлімде. Олардың жағдайы бірқалыпты», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар қаза болған үш азаматты жерлеуге көмек көрсетілетіні айтылды.

«Мерт болғандардың екеуі бүгін, үшіншісі ертең жерленеді. Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша олардың отбасыларына барлық қажетті көмектер көрсетілетін болады. Қаза боғандар мемлекеттік наградаға ұсынылады. Сондай-ақ қаза болғандардың бірі 1984 жылы туған азаматтың отбасына мемлекеттік қордан тұрғын үй беріледі», — деді баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімдігі өртті ауыздықтау кезінде қайғылы қазаға ұшырағандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *