Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

1113

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, Президентке тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы алдағы уақытта да Атырау облысының даму қарқынын сақтап, одан әрі арттыру, өңір инфрақұрылымын жаңғырту қажет екенін атап өтті.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар тобына жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ барлық салалық бағдарламалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *