ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 23 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

583

Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында  55 мыңнан астам балаға арналаған 184 мектеп салынады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта  20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Тағы 16 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ   қалған 63 мектепте тиісті жұмыстар жүруде.  

Биылғы жылдың соңына дейін 23 мектеп пайдалануға берледі деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және  үш ауысымды 2 мектептің мәселесі шешіледі.

   Айта кетейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і  2017-2018 жылдардан өтпелі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *