«Қазақфильм» тарихи киножобаға кастинг жариялады

1004

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Жаңғырық» («Долгое эхо») атты толықметрлі көркем фильмнің өндірісін бастағалы отыр. Бұл кинотуынды қазақ даласына жер аударған революционер, құнды этнографиялық жазбалар қалдырған поляк жазушысы Адольф Янушкевичтың тағдыры туралы баяндайды. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. 

Фильмнің режиссері– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франция киноакадемиясының Жорж Садуль атындағы сыйлығының лауреаты, «Платиналы Тарлан» Тәуелсіз жүлдесінің иегері Сатыбалды Нарымбетов («Балалық шағымның Дон Кихоты» (1978 ж.), «Көзімнің қарасы» (1994 ж.), «Қыз жылаған»(2002 ж.), «Мұстафа Шоқай»(2008 г.), «Аманат» (2015 г.).

«Қазақфильм» киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдерге актерлер кастингін жариялайды. Талаптар:

• 5-14 жас аралығындағы ұл балалар мен қыз балалар;

• 15-20 жас аралығындағы жігіттер мен бойжеткендер;

• 21-65 жас аралығындағы ер адамдар мен әйел адамдар (ер адамдар атқа міне алулары қажет).

Сондай-ақ кастингке барлық ұлт өкілдерін шақырамыз.

Алматы қаласында кастинг жұмыстары 9 тамыздан басталады. Мекен жайы: Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «ПЛК» ғимараты, 264 кабинет. Жұмыс уақыты – күнделікті сағат 10.00-нан 18.00-ге дейін.

Одан бөлек, барлық үміткерлер өздері туралы анкеталық ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, кинодағы тәжірибесі, байланыс телефондары) толтырып, сондай-ақ, фотоға түсіп (тұла бойы, ірі планда анфас және ірі планда профиль) ekho2019@gmail.com электронды поштасына жіберулері қажет.

Киножобаға қатысты жаңалықтармен фильмнің Instagram-дағы ресми парақшасы — ekho.2019 арқылы таныса аласыздар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *