Сбербанк Global Finance журналының деректері бойынша 5 номинацияда Орталық және Шығыс Еуропадағы ең үздік банк болып танылды

1409

Сбербанктің корпоративтік клиенттерге арналған сандық шешімдері Best Investment Management Services, Best Online Treasury Services және Best in Social Media Marketing and Services санаттарында жеңімпаздар болып танылған.

Сбербанктің бөлшек сандық банкісі Best Bill Payment & Presentment және Best Information Security and Fraud Management санаттарды үздік деп аталған.

2019 жылғы 16 тамыз, Мәскеу — Сбербанк Global Finance журналының хабарламасы бойынша 5 номинациядан бірден Орталық және Шығыс Еуропаның үздік банкісі болып танылды.

Сбербанктің корпоративтік клиенттерге арналған сандық шешімдері «Инвестицияларды басқару жөніндегі үздік сервистер» (Best Investment Management Services), «Қазынашылықтың ең үздік онлайн-сервистері» (Best Online Treasury Services) және «Әлеуметтік медиалардағы маректинг пен сервис саласындағы ең үздік» (Best in Social Media Marketing and Services) номинацияларында жеңімпаз болып танылған. Оған қоса, бұдан бұрын Global Finance Сбербанкті Ресейдегі Best Treasury & Cash Management Banks And Providers 2019 байқауы аясындағы ең үздік контрагенті ретінде таныған.

Сбербанктің бөлшек сандық банкісі Global Finance-нің «Шоттарды төлеуге арналған ең үздік шешім» (Best Bill Payment & Presentment) және «Ең үздік ақпараттық қауіпсіздік және фродтың алдын алу» (Best Information Security and Fraud Management) номинацияларында марапатталды.

Бірінші орынды Best Investment Management Services және Best Online Treasury Services санаттарда жеңіп алуға заңды тұлғаларға арналған онлайн-сервистеді жетілдірудің арқасында мүмкін болды. Қаржы секторындағы реттеу мен технологиялар неғұрлым жылдам қарқынмен өзгеріп келеді, ал бизнес-орта неғұрлым бәсекеге қабілеттіге айналып барады. Мұндай жағдайларда корпорациялардың ақшалай қаражатын тиімді басқару мәселесі неғұрлым өзектіге айналып келеді және банк ресейлік бизнесті олардың бизнес-міндеттерін шешу үшін үздік өнімдермен және қызметтермен қамтамасыз етуге тырысуда. Айқын мысал — Sberbank Markets платформасы, онда клиенттер бір терезеде компанияның валюталық тәуекелдері мен өтімділігін басқару үшін технологиялық жұмыс кеңістігін онлайн режимде алады.

Best in Social Media Marketing and Services санатындағы көшбасшылық банк, табиғи жарнамв, жағдаяттық маректинг құралдарын пайдаланып, «Енді Мен Өз ісімнің Басшысымын!» атты ауқымды арнайы жобаларды жүзеге асырып, әлеуметтік желілерде кәсіпкерлермен тиімді өзара әрекеттесуіне негізделген. Әлеуметтік медиаларда қатынста болып, банк, «Сбербанк бизнес үшін» қоғамдастықтарда шешімдер ұсынып және пайдалы тәжірибелерді жинастырып, әрекеттегі бизнескерлерге көмек көрстеуге, әлеуетті кәсіпкерлерді «Өз ісім» пабликтерде ынталандыруға және «Іскерлік ортадан» білім таратуға тырысады. Нәтижесінде, бизнеске арналған банк қоғамдастықтарының жазылушыларының саны бұлжытпай артып келеді және де жарты миллионнан артып кеткен.

Сбербанктің төлемдер мен аударымдарының сервистері Best Bill Payment & Presentment номинациясында бірнеше мәрте марапатталған. Бұл Сбербанктің төлеу және аударымдар сервистері халықаралық танылымға бөлінгеннің төртінші реті.

Сбербанктің төлемдері мен аударымдарын ай сайын 60 млн астам адамдар пайдаланады. Сбербанк әр клиентке ең жақсы клиенттік тәжірибе ұсынуға тырысады. Қосымшада шотты штрих код бойынша бірнеше секунд ішінде, тек түбіртекті сканерден өткізіп, деректемелерді қолмен толтырмай төлеуге болады. Егер бұл клиенттің тұрақты төлемі болса, онда жаңа дербестендірілген «Менің операцияларым» сервисі төлеуге алдын ала дайындалған шотты көрсетеді және оларды бір ғана шертумен төлеуді ұсынады. Шоттарды автоматты түрде төлеу қызметі — «Автотөлеу» — дамуын жалғастыруда. 2018 жылы олардың саны 50 млн-нан асты, және бүгінгі күні банктегі әр бесінші тұрақты төлем осылай жүргізіледі.

Телефон арқылы аударымдар жүргізу сервисі Сбербанк картасының әрбір иесі өмірінің ажырамас бөлігіне айналған деуге болады. Өткен жылы ол «үйден шықты»: енді серіктестерден аударымдарды жасау, Сбербанк ішінде сияқты, жеңіл және оңай. Оған қоса, бірқатар жаңа сервистер іске қосылған болатын: талап етілетін аударымдар, Еуропаға аударымдар, ТМД-ға аударымдар.

Сбербанк Best Information Security and Fraud Management санатындағы бірінші орынды жасанды интеллектке негізделген антифрод жүйесін, жоғары технологиялық Киберқорғау орталығын, кибертәуекелдерді басқару жүйесін, өнімдердің қауіпсіздігін, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмысты қамтитын жетілген киберқауіпсіздік экожүйесінің арқасында алды.

Global Finance жірналы — халықаралық банк қоғамдастығындағы ежелгі және аса құметті салалық басылымдардың бірі. Өзінің талдауында журнал сандық факторларды да, сонымен қатар субъективтік өлшемшарттарды да назарға алады. Объектисті өлшемшарттар қатарында — сандық ортада клиенттерді тарту және қызмет көрсету стратегиясы, пайдаланушылар базасының өсуі, сандық өнімдердің функционалдығы, сондай-ақ бизнестің жаңа бағыттары мен инновациялық сервистерді дамыту. Субъективті өлшемшарттар халықаралық деңгейдегі талдаушылардың, банк кеңесшілерінің және басқа да салалық кәсіпқойлардың пікірлерін қамтиды.

Global Finance сыйлығының жеңімпаздары Африка, Азия-Тынық мұхит аймағы, Орталық және Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Таяу Шығыс, Солтүстік Америка және Батыс Еуропаның 150-ден астам еліндегі қаржы ұйымдарының арасында таңдалады.

«Сбербанк» АҚ ЕБ

Баспасөз қызметі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *