Асқар Мамин: Бірінші басшылар жауапты

677

Үкімет басшысы Асқар Мамин Президенттің Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес жалпыұлттық іс-шаралар жоспары дайындалатынын мәлім етті.

«Жолдаудағы барлық бағыттар бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспары дайындалады. Мемлекет басшысының Жолдауының іске асырылуы толығымен қаржылай қамтамасыз етілуі қажет. Барлық мемлекеттік органдарға жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігіне 5 қыркүйекке дейін өткізуді тапсырамын. Ал ҰЭМ тиісті қаулы жобасын 7 қыркүйекте Үкіметке енгізу керек», — деді Асқар Мамин Үкімет отырысында. Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысына бекітуге өткізу үшін келесі отырыста жалпыұлттық іс-шаралар жоспары мақұлдануы тиіс екенін жеткізді. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Президенттің әрбір тапсырмасын орындау қатаң бақылауға алынып, орындаудың нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек», — деді Асқар Мамин.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *