FlyArystan Павлодарға рейстерді екі еселейді

312

Үстіміздегі жылдың 4 қазанынан бастап Павлодардан қатынайтын рейстердің саны екі еселенеді. Бұл туралы FlyArystan-ның баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бұдан бұлай 180 орынды Airbus A320 реактивті ұшақтары елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына қанатын жаймақ. Біржақты билет құны 5999 теңгеден басталады. Павлодар әуежайы айқмақтағы жолаушылардын санын көбейту үшін FlyArystan және барлық әуекомпанияларға қолдау көрсетсе, FlyArystan Павлодар — Нұр-Сұлтан бағытында билеттің құнын 1000 теңгеге төмендетуді көздейді.

Күнделікті ұшатын тағы да бір рейстің пайда болуы әсерінен FlyArystan Павлодардан/ға ұшап шығатын жолаушыларға бір жыл ішінде 260 000 астам орынды ұсына алады. 2018 жылы FlyArystan әуекомпаниясының ұшуына дейін Павлодар әуежайы бір жылдың ішінде жобалап 180 000 жолаушыға қызмет көрсеткен. FlyArystan лоукостерінің аймақта іске қосылуына және өсуіне байланысты 2020 жылы әуежайдағы жолаушылар тасымалдау саны екі еседен асады. Сол себептен, FlyArystan компаниясы әуежай өзінің рейстерге қызмет көрсету тарифтерін болашақта төмендетуге міндетті деп есептейді.

«Павлодар біздің аймақтағы алғашқы рейстерімізді өте жылы қабылдады, өйткені Алматыға баратын әуе жолдағы жүктеме факторлары алғашқы күтулерден асып түсті. Бірақ іс жүзінде біз Павлодардан Нұр-Сұлтанға дейін жаңа бағытта ұсынатын тарифтердің деңгейіне көңіліміз толмайды. Егер әуежай барлық әуекомпаниялар үшін ұшу қызметінің құнын төмендетсе, біз әуебилет құнын тағы 1000 теңгеге төмендетілуі мүмкін және қажет деп санаймыз. Әуежай осы мүмкіндікті іске асырса, біз Павлодар — Нұр-Сұлтан жаңа бағытында барлық тариф деңгейін бірден 1000 теңгеге төмендетеміз», — деді Жанар Жайлауова, FlyArystan сату және маркетинг жөніндегі директоры.

FlyArystan 2019 жылдың 30 мамырында Алматы-Павлодар-Алматы бағыты бойынша арзан бағамен рейстер ашты, содан бері осы бағытта рейстердің жүктеме коэффициенті 95% -дан асты.

«Павлодар әуежайының және облыс әкімшілігінің қолдауымен біз Нұр-Сұлтанға қатынайтын жаңа бағытта 4999 теңгеден басталатын төмендетілген бағамен рейстерді іске қоса аламыз деп үміттенеміз, сонымен бірге қосымша жаңа бағыттарды ұсына аламыз. Бұл өзгеріс қаланың ғана емес, сонымен бірге аймақтың дамуына үлкен серпін береді және ең бастысы Павлодар облысының тұрғындарына арзан бағамен саяхаттауға көбірек мүмкіндік береді», — деп жалғастырды FlyArystan компаниясының сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *