Әлем чемпионымыз өзбекстандықпен жұдырықтасады. Қазақ боксшыларының 1/4 финалдағы қарсыластары анықталды

221

Екатеринбургте өтіп жатқан 2019 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалындағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің осы кезеңіне дейін жеті қазақстандық боксшы жетті: Сәкен Бибосынов (52 келі), Қайрат Ералиев (57), Абылайхан Жүсіпов (69), Тұрсынбай Кұлахмет (75), Бекзат Нұрдәулетов (81), Василий Левит (91) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден аса).

Ал Қазақстан құрамасынан жарыстан шығып қалған бірінші боксшы Закир Сафиуллин (63 келі) болды, ол чемпион атағындағы кубалық Эдди Гоместен ежңілді.

Айта кетейік, 1/4 финалда Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы алғашқытекетірес басталады — чемпион атағындағы Қайрат Ералиев Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасады.

Қазақ боксшылары өнер көрсететін жартылай финалдық жұптар:
52 келіге дейін. Сәкен Бибосынов — Артур Оганесян (Армения);
57. Қайрат Ералиев — Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан);
69. Абылайхан Жүсіпов — Роан Поланко (Доминикан Республикасы);
75. Тұрсынбай Құлахмет — Арман Дарчинян (Армения);
81. Бекзат Нұрдәулетов — Байрам Малкан (Түркия);
91. Василий Левит — Хуссейн Яшаиш (Иордания);
91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев — Нелви Тиафак (Германия).




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *