Мүлік салығын төлемегендер тізімі БАҚ-та жарияланады

434

2019 жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығынтөлеу мерзімі аяқталады. 2019 жылғы 1 қазаннан бастап мүлік салығын төлемеген адамдардың тізімі БАҚ-та жарияланады. Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді.

«Салық заңнамасына сәйкес, салық органдары бұқаралық ақпарат құралдарында салық берешегі бар адамдардың тізімін жариялайды. Бұл жағдайда тізімдерде тегі, аты, әкесінің аты және салық қарызының жалпы сомасы көрсетіледі. Айта кету керек, бұл тізімге Қазақстанның танымал тұлғалары енген», — деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер департаменті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *