БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

197

ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және БҚО әкімінің өкімімен Мұхтар Манкеев облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

М.Н.Манкеев – 1984 жылы дүниеге келген, білімі жоғары.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «инженер», «экономика», Финляндия Республикасында Оулу университетін «бизнес әкімшілеу магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

«Жасыл ел» Батыс Қазақстан облыстық филиалы жетекшісі, «Жасыл ел» республикалық штабының жетекшісі, «Самғау» ұлттық холдингі» АҚ менеджері, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инжиниринг және жаңа технологиялар трансферті орталығының департамент директоры, «Астана Innovations» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы уақытқа дейін «Фин Бизнес Хабы» компаниясының директоры, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *