Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға келді

330

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Арменияға келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісінде жазды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Ереван қаласына (Армения Республикасы) келді. Мемлекет басшылары жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр», — делінген жазбада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *