«Киелі Алтай» фотокөрмесі өтеді

146

Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Қазақстанның киелі жерлері» бағыты бойынша ҚазҰУ-дың журналистика факультеті мен «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 8 қазан күні сағат 10.40-та әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ ректоратының фойесінде «Киелі Алтай» фотокөрмесі ашылады.
Фотокөрмеден соң 2018 жылдың әлемнің 10 үздік фотографтары қатарына енген Қытай Халық Республикасы Алтай этно-фотография қоғамының төрағасы, фотоөнер магистрі Серік Мұқышұлының журналистика факультетінде «Суреттер сөйлейді» атты шеберлік сабағы өтеді.

Естеріңізде болса, осыған дейін біз фото-блог турдың жұмыс барысынан фотокүнделік жүргізген болатынбыз. Бұл фотокөрме сол шараның нәтижесі болмақ.

Досжан Балабекұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *