Физикадан Нобель сыйлығы тағайындалды

496

Премия ғарыш зерттеуі үшін беріледі.

Нобель комитеті 2019 жылғы физикадан Нобель сыйлығын иеленген лауреаттарды атады. Жер жүзінің эволюциясы мен ғарыштағы жердің орнын тануға қосқан үлесі үшін берілген марапатты үш ғалымға бөліп берді. Олар: Джим Пиблс, Мишель Майор және Дидье Кело. Джим Пиблс космологиядағы теориялық жаңалық ашқаны үшін сыйлықтың тең жартысын алса, Майор мен Кело күн бейнелі жұлдызды айналатын экзопланетаны ашқандығы үшін табысталған сыйлықтың екінші жартысын өзара бөліспек. Сондай-ақ физиология мен медицина саласындағы Нобель сыйлығы Уильям Келинге, Петер Ратклиффке және Грегг Семенцеге берілді. Бұл ғалымдар тірі жасушалардағы оттегі жетіспеушілігінің әсері мен бейімделуін зерттеген. Марапаттау рәсімі 10 желтоқсан айында, сыйлықтың негізін қалаушы Альфред Нобельдің қайтыс болған күні өтпек.

Нобель сыйлығының мөлшері ағымдағы бағаммен есептегенде шамамен 913 000 долларды құрайды.

 

Дайындаған Үміт Жұмаділова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *