Атырауда воркаут алаңдары салынады

228
Облыс орталығындағы тозығы жеткен  8 спорттық-жаттығу алаңының орнына жаңа воркаут алаңдары салынады – деп, хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жөндеуге жарамсыз жаттығу алаңдары воркаутпен алмастырылады.  Әсіресе, «Авангард» ықшам ауданы, Смағұлов көшесі және Жайық жағалауында орналасқан кейбір спорттық алаңдардың әбден тозығы жеткен. Осыны ескерген қалалық ТКШ бөлімі, олардың орнына воркаут алаңдарын салуды қолға алған. Аталған алаңдар қаладағы 8 мекен-жайға салынады. Олардың әрқайсысының көлемі әртүрлі. Ең кішісі – 150 шаршы метрден басталып, 400 шаршы метрге дейін жетеді. Тиісінше, воркаут алаңдары аумағына қарай, түрлі спортық-құралдармен жабдықталады.
– Жоспар бойынша, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шарашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты мердігер мекеме, алаңдарды салу үшін жерді дайындау жұмыстарын бастап кетті. Аталған жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады деп көзделген – деді, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз-хатшысы Аңсаған Сағынбаева.
Бөлім мамандарының айтуынша, воркаут алаңдары спорттық-жаттығу алаңдарына қарағанда, ұзақ мерзімге дейін төзімді болып келеді.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *