Мемлекет басшысының Жарлығымен кейбір әскери соттар таратылды

186
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Республикамыздың гарнизондарының кейбір әскери соттары талатылғанын хабарлайды. 
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен мыналар таратылды:
  1. Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты;
  2. Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты;
  3. Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты;
  4. Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты;
  5. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты;
Жарлық заңды күшіне енді.
 
Сонымен қатар, соттылығына қарай:
          — Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты істері Ақтөбе гарнизоны әскери сотына;
          — Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты және Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты істері  Ақмола гарнизоны әскери сотына;
          — Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты істері Алматы гарнизоны әскери сотына;
          — Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты істері Семей гарнизоны әскери сотына қарайды,» — делінген ведомствоның мәлімдемесінде.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *