Ақмола облысы полиция департаментіне басшы тағайындалды

168

Көкшетауда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облыстық полиция департаменті басшысын тағайындады, — деп хабарлайды  ІІМ баспасөз қызметі. 

Президент әкімшілігінің және облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың келісімемен Ақмола облыстық полиция департаменті басшысы қызметіне полиция генерал-майоры Баймурзин Арманбек Хакімбекұлын тағайындады.

 Арманбек Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр жылдары ІІМ Криминалдық полиция комитетінде, Жамбыл облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2014 жылдың қараша айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментін басқарды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев полицияның алдына нақты міндеттер қойды. Оның айтуынша, полиция қызметі ел азаматтарының мүддесі мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Бүгінде ішкі істер органдарының жұмысы бүкіл қоғамның жіті назарында», — деді Ерлан Тұрғымбаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *