Coca-Cola сусынынан алкоголь табылды

418

Ғалымдар адамдарға кока-коланы ішуге тыйым салатын тағы бір себепті анықтады. Белгілі болғанындай, адамдар аса ұнататын газдалған сусынның құрамында бояғыштар, зиянды химиялық заттар мен аллергендерден бөлек, алкоголь мөлшері де бар.

60 Millions de Consommateurs басылымының мәліметінше, ғалымдар тобы  жүргізген зерттеуде коланың 19 түріне сараптама жүргізіліп, 10 түрінен спирттің азғантай мөлшері табылған. Бұл аса қауіпті көрсеткіш емес. Себебі газдалған сусынның бір литріне спирттің небәрі 0,001%-ы  келеді. Сондықтан жүргізушілердің алаңдауына негіз жоқ. Көлікті мас күйінде жүргізіп, ұсталу үшін коланың 16 мыңға жуық бөтелкесін ішуге тура келеді екен.

Coca-Cola компаниясының Франциядағы өкілдері сусынды шығару барысында спиртті қасақана қоспайтындықтарын мәлімдеді. «Сусынымыздан алкоголь іздерінің табылуы оның шығарылуындағы құпия рецептіне байланысты болуы мүмкін», – дейді компанияның француз филиалындағы ғылыми жетекшісі Мишель Пепин. Оның айтуынша, кейбір сусындарда қолданылатын қоспаларға байланысты алкогольдің азғантай мөлшері болады.

 

Үміт Жұмаділова

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *