FlyArystan Нұр-Сұлтан-Қостанай рейстерінің билеттерін қайта сата бастады

154

FlyArystan отандық лоукостері Нұр-Сұлтан-Қостанай-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша қа-тынайтын рейстердің билеттерін қайта сата бастағаны туралы қуана хабарлайды. Күнделікті рейстер әуепаркке төртінші болып жаңадан қосылатын 180 орынды Airbus A320 ұшақтарымен 18 желтоқсаннан бастап орындала бастайды. Бұл баға нарықта ұсынылып отырған бағадан 41% арзан екенін атап кеткен жөн. Бұл туралы FlyArystan баспасөз қызметі хабарлайды. 

Әуекомпанияның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауованың ойынша, ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңызда кеңейе түскен флоттың арқасында отандастарымыз, оның ішінде қостанайлықтар уақыт пен ақша үнемдеу арқылы қалаған жерлеріне тез-ақ жетіп, демалыстарын ойдағыдай өткізе алатын болады. «Бұдан былай Қостанайдан/ға саяхаттайтын адамдар жоғары көңіл-күймен, небәрі бір жарым сағатта жақындарына қонаққа барып келе ала-ды. Әуеқатынас қазақстандықтар арасында жоғары сұранысқа ие болып, жергілікті халық басқа бағыттарға қызығушылық танытып жатса, нұр үстіне нұр. Біз барлық ұсыныстарды қарастыруға әзірміз», — деп мәлім етті FlyArystan-ның басшылығы.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірер уақыт бұрын Халықаралық Қостанай әуежайының ұзақ уақыт жабық болып, модернизация жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, қазан айы-нан бастап ұшырылатын рейстерге билет сатылымы тоқтатылған болатын. Алайда енді әуежай ашылып, төртінші ұшақ борты келгеннен кейін, көптен күткен Нұр-Сұлтан-Қостанай-Нұр-Сұлтан рейстері орындалатын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *