Елордада екінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды

217

Елордада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі. 

«2019 жылдың 19 қарашасында ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», — делінген хабарламада. Сондай-ақ, бұған дейін бүгін 0-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласында желдің жылдамдығы 18 м/с дейін артатыны ескертілген болатын. Осы уақытта температура бағамы -13 градусты көрсетіп тұр. Сезілуі -29 градус.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *