Мемлекет басшысы Ержан Максимді құттықтады

227

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді Junior Eurovision ән байқауындағы жүлдесімен құттықтады.

«Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!» деп жазды Президент twitter парақшасында.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *