Балалардың мектептегі қауіпсіздігіне жауапкершілік қажет

322

«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері ҚР Премьер-министрі А. Маминге балалардың  мектептегі қауіпсіздігіне орай депутаттық сауал жолдады.

-Қазақстан жұртшылығы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жыныстық жуыспаушылығына қарсы адам айтқысыз қылмыстың орын алғанына қатты күйзелді. Бұл жолы 12 жасар қыз балаға  жасалған қылмыс адам жүрмейтін елсіз жерде, қараңғы уақытта емес, Тараз қаласындағы мектептің аумағында  күндізгі сабақ уақытында орын алды. Қылмыс орны – аула дәретханасы.

Ызаға булыққан ата-аналардың қысымымен облыстық білім беру басқармасы іле-шала қыз баланы сабақ кезінде босатқан мектеп директорын, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарын, мұғалімді және вахтерды жұмыстан шығарды.

Алайда мұндай шараларды шенеуніктердің кінәлілерді тауып, жазалайтын әдеттегі рефлексиялары ретінде қарастыруға болады.

Балаларымыздың қорғалмау мәселесі, оның ішінде мектептердегі қорғансыздығы көп жағдайда педофилдердің  білім беру мекемелеріне кіру мүмкіндігін мықтап жабуға міндеттілердің кәсіби инфантильдігі мен салақтығында жатыр.

Біріншіден, сіздің назарыңызға салсақ, осы іспеттес қауіп аула дәретханалары бар 2300 қазақстандық мектептің оқушыларына төніп тұр.

Екіншіден, Тараз трагедиясы мектептердің бейнебақылау жүйелерінің осалдығын айна қаперсіз көрсетті. Ресми ақпараттарда бақылау мониторларында бір сағаттан астам уақыт мектеп ауласында сенделіп жүрген белгісіз ер адамның сұлбасы көрсетілгені туралы айтылды. Дегенмен ол еркекке ешкім де мән бермеген.

Сондай-ақ 2019 жылдың 23 қаңтарында ІІМ және БҒМ өзара бірлесіп бекітілген Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарында мектеп бейнебақылау жүйелерінің жедел басқару орталығының ақпараттық қосалқы жүйелерімен немесе полицияның кезекші бөлімдерімен бірлесуі көрсетілген. Өкінішке орай, іс-тәжірибе жүзінде жүйелер өзара байланыспаған болып шығады.

Үшіншіден, білім мекемелерінде балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне мектеп мекемесінде жұмыс істейтіндердің барлығы, мектеп инспекторларын қоса алғанда жауапты.

Сонымен қатар, оқушы қыз қылмыс құрбаны болған күні мектеп инспекторы жұмыс орнында болмаған.

Бұл сирек қайталанатын жағдай емес. Инспекторлар көп жағдайда жаттығуларда,  пысықтауларда, жиындарда жүреді. Бұл өз кезегінде олардың ведомстволық нұсқаулықтарына қайшы келеді.

Бұдан басқа, олардың ауысу жылдамдығына орай, педагогтар да, балалар да мектеп инспекторларының түр-тұлғасын танып та үлгермейді. ІІМ мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта білім мекемелерінің мектеп инспекторларымен қамтылмауы 2000 бірлікті құрайды.

Жоғарыда келтірілгенге сүйене отырып, жүйелі, кешенді шараларды қолға алу қажет деп есептейміз:

Барлық мектептерді мектепішілік дәретханалармен қамтамасыз ету.

Бейнебақылаудың ақпараттық жүйелерінің байланысу  мүмкіндігін тез арада қарастыру.

Балалардың мектептегі қауіпсіздігіне жауапкершілік үшін түгендеу мен функционалдық міндеттерді хаттауды жүзеге асыру.

Мектеп инспекторларының штатын түгелдей жинақтап, оларды мектептен тыс жұмыстарға араластырмау.

Білім беру мекемелері мен олардың аумағына бейтаныс адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ететін қатал ережелерді енгізу.

Өз кезегімізде, біздер заң шығарушылар ретінде осы іспеттес қылмыстар үшін жаупкершілікті күшейтіп, тіпті өмір бойына қамау  үшін барымызды салатын боламыз.

Депутаттық сауалдың қарастырылу нәтижелері және қолданылған шаралар туралы жазбаша түрде хабарлауды сұраймын.

И.Унжакова,

«Nur Otan» партиясы фракциясының депутаты

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *