Атырауда 144 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болды

430

Жаңа пәтерлердің кілтін табыстау шарасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау облысының 144 тұрғыны «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды. «Береке» ықшам ауданындағы жаңа пәтерлер кілтін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышов пен «Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов табыстады.
– Қазіргі таңда, Атырау қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны жедел. Жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 256 пәтер берілген еді. Бүгін тағы 144 пәтер кілтін табыс еттік. Осылайша, биыл 400 атыраулық жаңа баспанаға ие болды, – деді, Ринат Жаңғылышов.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспана конкурстық негізде, 50/50 қағидаты бойынша бөлінетінін атап өту керек. Яғни, пәтерлердің  50%-дан  кем емес бөлігі тұрғын үй кезегінде тұрған атыраулықтарға берілсе, қалған 50%-ы ешқандай кезекте жоқ банк салымшылары арасында үлестіріледі.
– Бүгінде Атырау облысының 68 мыңдай тұрғыны «Тұрғынүйжинақбанкінің» есеп-шоттарында қаражат жинауда. Биыл 14 мыңға жуық атыраулықпен келісім шарт жасалып, банктің Атырау облыстық филиалы жалпы соммасы 11,6 млрд теңге болатын 1047 несие берді, – деді «Қазақстанның Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.
Айтпақшы, азаматтардың «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін Тұрғынүйжинақбанкінде салымшы болуы, және есеп-шотына баспана құнының 20%-ын жинауы керек. Бағдарламаның басты басымдығы – бағасы – баспананың бір шаршы метрі 180 000 мың теңге. Аталған баға нарық бағамынан екі есеге дейін төмен.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *