Алматы әуежайында бірнеше рейс кейінге шегерілді

204

«Рейстердің кешігуіне әуе кемелерінің кеш келуі, әуежайлардағы қолайсыз ауа райы, әуежайға қосымша техникалық қызмет көрсету және авиакомпаниялар шешімдерінің өзгеруі себеп болуда», — деп түсіндірді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ИКАО-ның ІІІ В санатына сәйкес сертификатталған Алматы әуежайы көріну шектеулері талаптарында лайнерлерге қызмет көрсетуге дайын, дегенмен осындай жағдайларда рейсті орындау үшін ұшақ экипажында ИКАО ІІІ В санаты болу керек.

Қазіргі уақытта Халықаралық Алматы әуежайындағы көріну 50/600 метр, тұманға қарамастан ауа температурасы -1 °, әуежай ешқандай шектеусіз қалыпты режимде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта мына рейстер кешіктірілуде:

DV 729 Skat Алматы – Қостанай, 9 желтоқсан күні сағат 23:20-дағы рейс Қостанайдың ауа-райына байланысты 10 желтоқсан сағат 12.35-ке ауыстырылды;

KS 895 Эйр Астана, Алматы – Дубай, 7:40-дан 8:50-ге; KS 301 Эйр Астана, Алматы – Өскемен, 12:25-тен 16:35-ке;

KC 153 Эйр Астана, Алматы –  Санкт-Петербург, 8:15-тен 10:10-ға;

DV 725 Skat Алматы – Өскемен, 9:30-дан 10:30-ға, Өскеменнің ауа-райына байланысты.

Осыған байланысты, кестені алдын ала Халықаралық әуежайдың alaport.com веб-сайтынан алдын-ала қарау ұсынылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *