Нұр-Сұлтанда Волонтерлер жылы игі істерімен басталды

210

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері қала тұрғындары үшін «Қамқорлық мекенжайлары» және «Birgemiz» акцияларын өткізуде, деп хабарлайды kazgazeta.kz  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бұл акцияны біз тұрақты түрде өткіземіз. Жыл бойы ҰОС мен тыл ардагерлері, жалғыз басты зейнеткерлер үшін 145 азық-түлік себетін үлестіруді жоспарлап отырмыз. Бүгін біз 10 көмекке мұқтаж тұрғынға бардық. Осындай шаралардың арқасында елордалық жастар қаланың әлеуметтік өміріне белсенді қатысып, бойындағы мейірімділік, адамгершілік қасиеттерімен бөліседі», — деп атап өтті «Астана жастары» КММ волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова. Жастар әдеттегідей зейнеткерлер мен жалғыз басты қала тұрғындарына қар тазалауға көмек көрсетуде. «Мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерімін. Көптеген қалалық әлеуметтік-маңызды жобалар мен іс-шараларға қатысамын. Кез келген адам мұқтаж адамдарға көмек көрсете отырып, әлемді жақсырақ етеді деп сенемін», — деп есептейді Әділет Байбосынов. Волонтерлер жылы ұрпақтар сабақтастығының тығыз байланысын атап өтуге тағы бір себеп болды. Үлкендерге құрмет – рухани кемел қоғамның айрықша белгісі екені белгілі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *