Алматыда коронавирус жұқтырған жолаушы отырған ұшақ жанармай толтырды

188

Алматы әкімдігі әуежайда коронавирустық инфекцияға жол бермеу бойынша қауіпсіздік шараларын күшейтеді.

«2020 жылдың 25 қаңтарында Алматы қаласының әуежайында «Ыстанбұл — Ухан — Ыстанбұл» бағыты бойынша ұшып бара жатқан TCCJ чартерлік рейсі жанармай толтыру үшін аялдады. Қолда бар ақпарат бойынша бұрын осы бортта коронавирус жұқтырған жолаушы болған. Алматы әкімдігі әуе кемесіне қосымша керосин құю кезінде барлық санитарлық-карантиндік бақылаудың күшейтілген нормаларын сақтап, қажетті шараларды қабылдады. Еліміздегі ірі мегаполистің аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында керосин құю операциясы жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялаусыз жүзеге асырылды», — деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Алматыға Қытайдың 5 қаласынан келетін рейстері ескеріліп, қалалық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті департаменті және әуежайдың медициналық қызметі эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық шараларды жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта барлық рейстер ерекше бақылауда.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *