ҚАЗАҚСТАН 2019 ЖЫЛЫ 25 МЛРД АҚШ ДОЛЛ. ШАМАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТТЫ

701

Инвестиция ең жиі салынатын салаларға тау-кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу саласы жатады. Инвестициялар Қазақстанда 9 инвестициялық жобаны іске асыруға мүмкіндік берді, ал 2020 жылы олардың саны 33 жобаны құрады.

Тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) ашық және тиімді әрекет ететін экономикалық жүйенің ажырамас бөлігі және елдің дамуының басты катализаторы болып табылады. Алайда жаһандық геосаяси және экономикалық белгісіздікпен сипатталатын әлемдік экономиканың ағымдағы ахуалы елдің инвестициялық қызметіне кері әсерін тигізіп, олардың дамуын айтарлықтай тежеуде. Нәтижесінде, ЭЫДҰ деректеріне сүйенсек, 2018 жылы жаһандық инвестициялар ағымы бір жыл ішінде 27%-ға қысқарып, әлемдік экономиканың  өсімі 3,1%-дан 2,9%-ға түскен. 2019 жылы оң өзгерістер сақталған – бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ТШИ жаһандық ағымы 20%-ға төмендеп, Дүниежүзілік Банк болжамдары бойынша экономиканың жылдық өсімі небары 2,5% құрады.

ТШИ жаһандық ағымы төмендеп, әлемдік экономиканың әлсірегеніне қарамастан, Қазақстан елдің инвестициялық тартымдылығын сақтап қала алды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша елге кірген ТШИ жалпы ағымы 25 млрд АҚШ долл.шамасын құрады, бұл көрсеткіш 2018 жылмен (24,3 млрд АҚШ долл.) салыстырғанда 2,9%-ға артқан. ЖІӨ деңгейіне қатысты оның көрсеткіші 15,9% құрады, бұл ретте 2022 жылы ТШИ ЖІӨ-дегі үлесі 19%-ға жетеді деп күтілуде.

Қазақстан экономикасына құйылған инвестиция қаражаттары әлемнің 120-дан астам елінен тартылуда. 2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша инвестициялардың қыруар бөлігі (5,8 млрд АҚШ долл.) Нидерландтан, АҚШ-тан (4,1 млрд АҚШ долл.), Швейцариядан (1,6 млрд АҚШ долл.), Қытайдан (1,2 млрд АҚШ долл.) және Ресейден (1 млрд АҚШ долл.) келіп түскен.

Инвестицияларды тарту қызметі Қазақстан экономикасының басымдыққа ие секторларына шоғырландырылған. Жалпы мұндай салаларды екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа әлеуетін қолданып жатқан салалар кіреді, олар – тамақ өнеркәсібі, пайдалы қазбаларды өңдеу, металлургия, химия және мұнай химиясы, сондай-ақ машина жасау өнеркәсібі. Аталған салалар еліміздің бәсекелестік басымдықтарының қайнар көзі болып табылады. 2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша тау-кен өндірісіне құйылған ТШИ жалпы ағымы 10,7 млрд АҚШ долл. құрады, бұл көрсеткіш 2018 жылдың тиісті кезеңімен (9,9 млрд АҚШ долл.) салыстырғанда 8,6%-ға артқан. Өңдеу саласында 2,6 млрд АҚШ долл. сомасын құрайтын инвестиция келіп түскен.

Қосымша қаржы көздерінің арқасында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсіптеріндегі өндіріс көлемі тиісінше 3% және 3,6%-ға ұлғайған.

Екінші «перспективалық салалар» тобына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм және қаржы енгізілді. Бұл салалар ұзақ мерзімді перспективалық сипатымен ерекшеленеді, сондықтан олар  инвестициялық тұрғыдан тартымды бола түседі. Нақтырақ айтсақ, 2019 жылдың тоғыз айында қаржы және сақтандыру саласына құйылған жалпы ТШИ ағымы жылына 79%-ға ұлғайып, 879,7 млн АҚШ долл.құрады. Оның үстіне бұл сала инвестициялау үшін сұранысқа ие бес саланың біріне айналды.

Ақпарат және байланыстар саласындағы инвестициялық ағым мөлшері 74 млн АҚШ долларына жетті, ал білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 2,6 млн АҚШ долларына жетті.

Қазақстанда қолайлы инвестициялық климаттың дамуы көбінесе визалық және көші-қон саясаты, инвестициялық преференциялар, салық салу, халықаралық сауда-саттық, сот жүйесі және инвестициялардың қауіпсіздігінің кепілдіктері сияқты инвесторлар қызметінің көптеген қырын қозғап өткен елдегі жүргізілген реформаларға байланысты.

Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, бизнесті ынталандыру және қаржы секторын дамыту мақсатында Қазақстанда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) құрылған болатын. 2019 жылдың қорытындысы бойынша АХҚО аумағына әлемнің 35 елінен 350-ден астам компания тіркелді. Қатысушы компаниялардың түрлі қазақстандық жобаларға салған инвестицияларының жиынтық көлемі 130 млн АҚШ долларынан асып кетті.

2025 жылға қарай АХҚО-ның Қазақстан ЖІӨ-дегі үлесі 40 млрд АҚШ долларына жетеді деген болжам бар. Оның ішінде 12,1 млрд АҚШ долларын АХҚО-ның республиканың ЖІӨ-не тікелей салымы құрайды, 8 млрд АҚШ доллары шамасындағы қаражатқа Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің клиенттеріне қызмет көрсетіледі.

Сонымен бірге АХҚО негізінде инвестиция тарту мақсатын ұстанатын Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасын іске қосу жоспарланған болатын. Бағдарлама аясында инвесторлар мен олардың отбасы мүшелеріне елдің аумағына 5 жылға дейінгі мерзімге елге кіру визасын беру, сондай-ақ Қазақстан шегінен тыс жердегі кіріс көздері бойынша ЖТС төлеуден босату нормасы енгізілген.

2019 жылдың 11 айында елімізге әлемнің 26 елінен инвесторлар тартылғаны белгілі болды. Олардың салған инвестицияларының көлемі жөнінен ЕО елдері (10,1 млрд АҚШ долл., 37 жоба),  Ресей (5,4 млрд АҚШ долл., 26 жоба), Түркия (1,6 млрд АҚШ долл., 16 жоба), АҚШ (718 млн АҚШ долл., 9 жоба) және Сингапур (2,1 млрд АҚШ долл.,  7 жоба) алға шықты.

Әдеттегідей қаражаттың басым бөлігі жоғары қосымша құн қосылған өнімдердің өнеркәсіптік өндірісі, қызметтер мен жаңа технологиялар, яғни машина жасау, тау-кен-металлургия кешені, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, қуаттың жаңғыртылатын көздері, мұнай-газ химиясы, химия өнеркәсібі, көлік және логистика, сондай-ақ құрылыс материалдарының өндірісі салаларына бағытталмақ.

2019 жылы Қазақстанға тартылған инвесторлар арасында әлемнің ірі өкілдері бар, олар:

  • SUEZ (Франция) – канализациялық-тазарту құрылғыларының құрылысы және қайта құру;
  • Fortescue (Австралия) – геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу және түсті металл кен орындарын игеру;
  • Demir Export (Түркия) – «Сырымбет» қалайы рудаларын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен-металлургиялық кешеннің құрылысы (инвестор кен орнына кешенді сараптама жүргізуде);
  • Suhail Bahwan Group (Оман) – негізгі майларды өндіру жөніндегі зауыт құрылысы;
  • RHI Magnesita (Австрия) – отқа төзімді материалдарды өндіру жөніндегі зауыт құрылысы.

2019 жылы жалпы сомасы 464 млн АҚШ долл. құрайтын 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Сонымен қатар жалпы сомасы 487 млн АҚШ долларын құрайтын шетелдік инвестициялар тартылған 10 жобаны енгізу жоспарланып, 3,4 млрд АҚШ долларын құрайтын 21 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кетті. Нәтижесінде 2020 жылы экономиканың басымдыққа ие секторларында жалпы сомасы 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын шетелдік инвесторлар қатысатын 33 жоба пайда болып,  2027 жылға қарай бұл сома 5 млрд АҚШ долларына жетіп, 124 жобаны қамтитын болады.

2019 жылдың қыркүйек айының аяғында Қазақстанда жинақталған шетелдік инвестициялар көлемі 221,4 млрд АҚШ долларына жетті (бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 222,2 млрд АҚШ долларын құраған болатын). Негізгі үлесі тау-кен өндіру және карьерлерді игеру өнеркәсібіне тиесілі – 124,8 млрд АҚШ долл. (немесе 56,4%), жылдық өсімі 3,5% құрады.

Бұл саладағы ең ірі инвесторлар Нидерланды, АҚШ және Франция болып саналады, олардың жиынтық инвестициялары 101,1 млрд АҚШ долл. немесе жалпы көлемнің 81%-ын құрады.

Сондай-ақ алдыңғы үштікке өңдеу өнеркәсібі (инвестиция көлемі 17,7 млрд АҚШ долл.) және кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет кірді – 16,5 млрд АҚШ долл.

Соңғы жылдары Қазақстан Үкіметі елдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін бірқатар пәрменді шаралар қабылдады, инвестициялар қарқыны өсіп, ұлттық экономиканың даму қарқыны күшейе түсті.  Инвестиция ағымдарының осындай қарқынды өсу екпіні сақталатын болса, 2022  жылға қарай ТШИ жалпы ағымы 2016 жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,26 есе көтерілуі мүмкін. Бұл ретте болжамдарға сүйенсек, өңдеу өнеркәсібіне құйылатын инвестициялар 1,5 есе, экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынатын сыртқы инвестициялар көлемі де 1,5 есе артпақ.

 

Finreview.info




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *