ДДСҰ мамандары қытайлық әріптестерімен бірге короновирусты зерттеумен айналысады

189

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары коронавирусты зерттеу үшін Қытайға барды.

Жергілікті билік халықаралық мамандарды ел аумағына кіргізу мәселесін 2 апта қараған. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адхан Гебреисус мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл мамандар қытайлық әріптестерімен бірге қауіпті дертті зерттеумен айналысады. Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуына байланысты қаңтардың 30-ы күні әлемде халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялаған болатын.

Қазірге дейін қауіпті дертті әлемде 300-ден астам адам жұқтырған.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *