Бас прокуратураның құпия деректері ұрланды

248

Еліміздегі Бас прокуратураның құпия деректері ұрланды. Бұл туралы кибершабуылдарды зерттеу және талдау орталығы хабарлады. Мамандардың айтуынша, қадағалау органының ақпараттық жүйесі бірнеше айдан бері қандай да бір қорғауға алынбай келеді, деп хабарлайды kazgazeta.kz  24.kz -ке сілтеме жасап. 

Сәйкесінше әкімшілік іс жүргізілген қазақстандық немесе шетелдік азаматтарға қатысты мәліметтер қолды болып жатыр. Жүйедегі олқылық салдарынан құқық бұзушылар төлеген айыппұлдар, ескертулер, тұрғылықты мекен-жайлар, суреттер, автокөлік және жеке сәйкестендіру нөмірлері киберқылмыскерлердің құрығына іліккен. Ал прокуратура орталық мамандарының дабылына әзірге үн қатар емес.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *