«Талдықорған-Өскемен», «Үшарал-Достық», «Күрті-Бурылбайтал», «Ұзынағаш-Отар» көлік жолдарын жаңартылады

276

Амандық Баталов есеп беру кездесуінде мәселесіне де тоқталды. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында «Талдықорған-Өскемен», «Үшарал-Достық», «Күрті — Бурылбайтал», «Ұзынағаш-Отар» көлік жолдарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Соның арқасында барлық стандарттарға сай келетін шамамен 1526 шақырым тамаша жолдар іске қосылады, бұл облыстың транзиттік әлеуетінің одан әрі ұлғаюына жағдай жасайды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жергілікті маңызы бар және ауыл ішілік жолдардың да сапасы төмен болмауы тиіс. Жергілікті маңыздағы жолдардың қазір 81% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылы бұл көрсеткіш 84 пайызға жетеді, облыстық және аудандық маңыздағы 492 шақырым жолдар, сондай-ақ 108 елді мекеннің ауыл іші жолдары жөнделеді», — деді облыс әкімі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *