Алматыдағы «Шұғыла» кинотеатры қайта қалпына келтіріледі

458

Алматыда көп жылдан бері бос тұрған «Шұғыла» кинотеатры алдағы уақытта халық игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кинотеатрдың жаңа иесімен таныстым. Жақында ол оны банктегі кепілден шығарды. Ол кинотеатрдың бастапқы тарихи сәулеттік келбетін сақтап қалмақшы. Әрине, қайта қалпына келтіру жұмыстары арқылы. Онда бір кинозал болады. Күндіз онда түрлі жиындар өткізуге болады. Сондай-ақ, ғимарат иесі ретро автокөліктердің музейін ашқысы келеді. Маған абаттандыру жобасын көрсетті», — деді аудан әкімі Бақытжан Ақжаров қоғамдық кеңестің отырысында. Оның айтуынша, таяуда бұл кешен жаңа демалыс орталығына айналады.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *