Рыбакина рекорд орнатты

154

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі ең үздік теннисшілердің рейтингін жаңартты.

Қазақстанның тағы бір рекордын Елена Рыбакина орнатты. Дубайдағы турнирдің финалына жетуінің арқасында ол тағы екі сатыға жоғарылап, 17 орынға көтерілді. Бұған дейін әлемдік рейтингте Қазақстан өкілдерінен Рыбакина секілді жоғары көтерілген емес.

Юлия Путинцева 32-ші орынды сақтап қалды, Зарина Дияс екі сатыға алға шықты. Анна Данилина WTA 15 орын жоғары көтерілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *