Нұр-Мүбарак университетінің докторанттары Египетте ғылыми тағлымдамадан өтуде

252

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Исламтану және Дінтану мамандығының  2 курс докторанттары Мысыр Араб Республикасындағы әйгілі әл-Азһар университетінде шетелдік тағылымдамадан өтуде. Бұл туралы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  баспасөз қызметі мәлімдеді.

6D021500-Исламтану мамандығының докторанттары Ж.Рахымғазиев, Д.Құрманбаев, С.Шәкизада, 6D020600-Дінтану мамандығының докторанттары Е.Нүсіпбаев Е.Орынбаев шетелдік ғылыми жетекшілері әл-Азһар университетінің профессор, PhD доктор Ато Сынбатимен және  Ақида және философия кафедрасының доценті, PhD доктор  Рида Дақиқи мырзалармен жүздесіп, диссертация жұмыстарына байланысты кеңес алуда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *