Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы орыс тіліне аударылды

1139

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы орыс тіліне аударылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

«Президенттің бұл мақаласы қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналып, биылғы 9 қаңтар күні «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланғаны белгілі. Мемлекет басшысы Абайдың рухани мұрасын ой елегінен өткізіп, бүгінгі Қазақстанның даму жолындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындап береді.

Аталған бағдарламалық мақаланың мазмұнын қалың жұртшылыққа толық жеткізу үшін оны орыс тіліне аудару қажет болды. Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да осындай ұсыныстар түсті. Сондықтан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мамандары мақаланы орыс тіліне аударып, қалың бұқараға ұсынып отыр», — дейді баспасөз хатшысы өзінің жазбасында. 

Сурет  kisi.kz сайтынан алынды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *