Совет Одағының соңғы маршалы қайтыс болды

131

Кеңес Одағының соңғы  маршалы Дмитрий Язов 96 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Мұны  Ресейдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз  қызметі растады.

Министірлік өкілдері жазған хабарламада «2020 жылдың 25 ақпанында ұзаққа созылған ауыр науқастан Совет Одағының маршалы Дмитрий Язов қайтыс болды» деп жазылған.

Дмитрий Язов 1924 жылы 8 қарашада Омбы облысында дүнмеге келген. 1942 жылы Мәскеудің жаяу әскери училищесін бітірген, 1956 жылы Фрунзе атындағы  әскери академияны үздік тәмамдады. Ал 1967 жылы КСРО Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын бітірді.

Әскери училищені бітірген соң лейненант әскери шешінде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Соғыста екі рет жарақат алды.

1987-1991 жылдары Совет Одағының Қорғаныс министрі болған ол тамыз төңкерісі кезінде Мәскеуге танк кіргізген. Тамыз төңкерісінен кейін тұтқындалып, «отанға опасыздық жасады» деп оған айып тиағылды.

Алайда Дмитрий Язовқа 1994 жылы кешірім жасалғанын айта кетейік,




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *