Төтенше жағдайлар департаменті астана тұрғындары мен қонақтарына ескерту жариялады

102

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 26-27 ақпанда қар аралас жаңбыр, көктайғақ, жел күтілетінін хабарлайды.  Төтенше жағдайлар департаменті астана тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райының өзгеруі туралы ақпарат пен енгізілген шектеулерді жіті қадағалауды сұрайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Құлау ықтималдығын азайту үшін көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

— биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, шағын кеуекті табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;

— жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;

— тегіс емес мұз қатқан барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;

— қолдарыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелер ұстамаңыз, қолыңызды қалтаңызға салып жүрмеңіз, бұл құлау ықтималдығын арттырады;

— егде жастағы адамдарға резеңке ұштығы бар таяқ немесе ұштары бар арнайы таяқ қолдануға кеңес беріледі;

— аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды «шалшықты» айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен жеңіл адыммен жүріңіз. Естеріңізде болсын: арқамен, бетпен құлау қауіпті, бастан зақым алуыңыз мүмкін.  Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмекке жүгініңіз. Төтенше жағдай туындаса, «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *