Bek Air компаниясы ұшқыштарына жалған сертификаттар бергені анықталды

429

Еліміздің Азаматтық авиация комитеті «Bek Air» АҚ жоспардан тыс тексеру қорытындысын жариялады. 2020 жылдың 20 қаңтарында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тексерудің аралық нәтижелері мен сол кезде анықталған бұзушылықтар туралы айтты, — деп хабарлайды kazgazeta.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тексеру қорытындысы бойынша әуе компаниясының сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылатын басқа да көптеген елеулі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Бұл авиациялық инцидентті жасыру, әуе кемесінің үлгісіне рұқсат алу үшін ұшқыштарды даярлау туралы жалған сертификаттарды пайдалану, ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы жалған құжаттар жасау және басқа да бұзушылықтары.

Әуе компания ұшқыштарға авиациялық қауіпсіздік және қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша қайта даярлау курсын аяқтағаны туралы ресми сертификаттар берген. Тексеру барысында сабақ уақытында және сынақтан өту кезінде олардың елдің басқа өңірлерінде ұшу тапсырмасында болғаны анықталды.

Әуе компаниясының екі ұшқышымен Fokker 70/100 әуе кемесінің үлгісіне қайта даярлау сертификаттарын қолдан жасау фактілері анықталды. Латвияның оқу орталығында олар практикалық емтиханды тапсыра алмады, осыған байланысты оларға аталған кеме үлгісін басқаруға рұқсат алу құқығын бермейтін тек курстың тыңдалғандығы туралы анықтама берілді. Ұшқыш лицензиясында рұқсат беру туралы тиісті белгіні алу үшін олар уәкілетті органға курсты сәтті аяқтағаны туралы жалған сертификат берді. Оқу орталығы сертификаттарды бұрмалау фактісін растады. Қазіргі уақытта авиациялық персонал куәлігін қайтарып алу мәселесі шешілуде. «Bek Air» АҚ-ның Rolls Royce авиациялық қозғалтқыштарды өндіруші зауытымен қолдау үшін қолданыстағы келісімшарты жасалмаған.

Сонымен қатар Инженерлік процедуралар нұсқаулығын бұза отырып, авиациялық қозғалтқыштардың пайдалану деректері өндіруші зауытқа оларды өңдеу үшін жіберілмеген, сондай-ақ оларды өздігінен «Bek Air» АҚ-да өңдеу жүргізбеген. Осылайша әуе компания авиациялық қозғалтқыштардың жай-күйіне мониторинг жүргізбеген, сәйкесінше олардың сенімділігі мен ұшу кезінде бас тарту қаупі туралы ақпаратқа ие болмады.

Әуе компания уәкілетті органның бекітуінсіз инженерлерге рұқсат санатын дербес берді, сондай-ақ тиісті рұқсаты жоқ инженерлерге әуе кемелерінде техникалық және пайдалану жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Әуе компанияның екі инженерімен Алматы әуежайында Fokker-100 UP-F1014 ұшағына техникалық қызмет көрсету туралы құжатының жалған дайындалу фактісі анықталды. «Bek Air» АҚ-ның қызметін жоспардан тыс тексеру нәтижелері әуе компанияға жіберілді.

Әуе компания 10 күн ішінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс. Егер заң бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *