«Astana LRT» компаниясының атауы өзгерді

354

Елордадағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС атауы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы — City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», — деді елордада өтіп жатқан көрме-конференция барысында компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов. Айта кетейік, елордада өтіп жатқан көрме-конференцияда компанияның өткен жылғы жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы айтылып жатыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *