Ольга Рыпакова тарихта қалуға ниетті

352

Үш қарғып секірудің шебері Ольга Рыпакова спорттық мәнсабында төртінші рет Олимпияда ойындарына жолдама алды. 35 жастағы Қазақстан Республикасының намысын қорғап жүрген жеңіл атлетиканың атақты өкілі спорттық карьерасын 2001 жылы бастаған. 2008 жылы Бейжіңде күміс, 2012 жылы Лондонда алтын, 2016 жылғы Рио Олимпиядасында қола медаль еншілеген отандасымыз Әлем чемпионаты, Құрлықтық кубок, Универсиада, Азия ойындары секілді түрлі деңгейдегі халықаралық жарыстардың да жүлдесін жеңіп алған. Оның есімі тәуелсіз Қазақстан тарихында үш дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған алғаш, әрі қазірге жалғыз спортшы ретінде қаларына ешкімнің күмәні жоқ.

Алайда спортшы өз жетістіктері мен көрсеткіштерін жаңартып, жеңіл атлетикадан 4 дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері атану жолында еңбек етуде. Спортшының айтуынша ол Түркияда оқу-жаттығу жиындары кезінде алған жарақатынан толық айыққан. Сондай-ақ спорттағы ерекше жетістіктері үшін “Парасат”, “Барыс”, “Құрмет” Ордендерімен марапатталған Ольга, жастарға білгенін үйретіп, арнайы шеберлік сабақтарын да ұйымдастырады.Өткен жылды Дүниежүзілік әскерилер ойынының алтын жүлдесімен қортындылаған отандасымыз, 4 жылдықтың басты бәсекесінде жүлдегер атанып, үздік үштіктің қатарынан табылуға ниетті.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *