Қазақстан коронавирусқа байланысты қандай әуе рейстерін тоқтатты

627

2020 жылдың 3 наурызынан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауға бағытталған Ахуалдық орталық жұмыс істей бастады. Орталықта Қазақстанға тұрақты және тұрақты емес әуе қатынастары бар елдерде инфекция жұқтырған адамдардың статистикасына бақылау жүргізіледі.

«Үкімет коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауда. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап карантиндік іс-шаралар қолданылатын елдердің тізбесінің кеңеюіне байланысты сол елдерден келген жолаушыларға 4-ші күшейту кезеңі енгізілді», — деп хабарлайды комитеттен. Ведомство Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейс (аптасына 34 рейс) 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап тоқтатылғанын еске салды. Сондай-ақ 2020 жылдың 1 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3 рейске дейін қысқартылған.

«Эйр Астана» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Сеул бағыты аптасына 2-ден 1 рейске дейін, Алматы – Сеул бағыты бойынша аптасына 5-тен 1 рейске дейін және «Asiana Airlines» әуе компаниясының рейсі 2-ден 1 рейске дейін шектелген. ««Mahan Air» әуе компаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстер 1 наурыздан бастап (аптасына 1 рейс) тоқтатылды. Сондай-ақ, 5 наурыздан бастап Нұр-Cұлтан – Баку бағыты тоқтатылады. Алматы-Баку рейсі 5-тен 1 рейске дейін («Эйр Астана» 3-тен рейске 1 дейін, «Azerbaijan Airlines» 2-ден 1 рейске дейін), Ақтау — Баку рейсі 7-ден 1 рейске дейін (SCAT) шектеледі. «SCAT» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Токио бағыты 2-ден 1 рейске дейін қысқарды», — деп хабарлайды комитеттен.

Аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты, 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билеттері бар жолаушылар әуе билеттерді сатып алу орны бойынша айыппұлсыз және толық көлемде қайтара алады. Жолаушылар әуе билеттерді қайтару мәселесі бойынша кеңес алу үшін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ға — 8 (7172) 64 58 41 нөміріне хабарласа алады. Желі жұмыс күндері сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *