Қазақстан Қытайдан жеміс тасымалын тоқтатты

733

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстан Қытайдан келетін жеміс тасымалын уақытша тоқтатқан.Корнавирустың алдын алу мақсатында күн шығыс елінен келетін тауарларды карантиндік деп танып, жеміс-жидектердің қалаларымыздың сауда орталықтарына жеткізілмеуін жіті қадағалап отырған министрлік өкілдері тұрғындарға цитрустық өнімдерден уақытша бас тартуға кеңес берді.

2019 жылы Қазақстан-Қытай шекарасынан ел аумағына күдікті тауарларды заңсыз өткізбекші болған 52 іс тіркелген. Оның ішінде 22 рет фитосанитарлық талаптарға сәйкестігін растайтын сертификаты жоқ тауар тиелген жүк көліктері Қытайға қайтарылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері әлем елдерінен коронавирустың ошағына айналған елде өндірілген тауарларды тұтынбауды талап етуде.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *