Идлиб провинциясындағы атыс тоқтатылады

334

6 наурызда түн ортасынан бастап Идлиб провинциясындағы атыс тоқтатылады.

Анадолу агенттігінің хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған РФ президенті Владимир Путинмен бірге осы мәселеге қатысты өткен келіссөз қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында «бүгін түнде 00:01-ден бастап Сирияның Идлиб қаласында атысты тоқтату режімі күшіне енеді» деп мәлімдеді. Түркия мемлекеті басшысының айтуынша, Идлиб деэскалация аймағының мәртебесін ауыстыру қажеттілігі туындаған.

«Түрік әскерилерінің қаза табуына жол берілген қайғылы оқиғалардан соң Идлиб деэскалация аймағының жаңа кво-мәртебесін қалыптастырылуы сөзсіз», — деді Ердоған. Оның айтуынша, Түркия мен Ресей қысқа уақытта атыстың тоқтатылуын қамтамасыз етеді, одан соң тараптар келіскен басқа да қадамдар жасалады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ердоған Түркия Сирия әскерилерінің әрекетіне қарсы жауап беруге құқылы деп мәлімдеген. «Режімнің (Сирия президенті Башар Асад) тарапынан жасалған кез-келген шабуылға Түркия өз күштерімен қарсы жауап беру құқығын таңдайды», — деді түрік елінің басшысы. Ол «Анкара сириялық босқындардың отанына қайтуы мәселесінде жәрдемдеседі» деп уәде берді

. Еске сала кетсек, Идлиб провинциясының Сириядағы төрт деэскалация аймағының қатарына енгені жөніндегі меморандумға 2017 жылы мамыр айында Ресей, Түркия, Иран қол қойған болатын. 2018 жылы қыркүйекте Сочи қаласында Ресей мен Түркия президенттері осы провинцияда Сирия үкіметі және оппозициясы әскерінің жанасатын шекарасы бойында 15-20 шақырымда демилитаризация аймағын құру жөнінде келісті. 27 ақпанда сириялық әскердің шабуылынан соң 36 түрік әскери қызметшісінің қаза тауып, Идлибте жағдай шиеленісіп кетті. Сол күні Анкара Сириядағы «Көктемгі қалқан» аталған жаңа операцияны бастады.

inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *